Абайды бес жасынан таныған

Бүгінде қазақтың ұлы жазушыларын, танымал тұлғаларын мектепке дейінгі білім ордаларында да кеңінен насихат¬тау қолға алынған. «Болар бала жасынан» деп халқымыз бекер айтпаған.

Махамбет ауылында қазақтың бас ақыны Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мәнерлеп, жатқа айтатын тағы бір бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Небәрі бес жасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, Алматыдан жүлдемен оралған Нұрбек Бекарыс өте алғыр, зерек бала. Оның осы қасиетін байқаған «Алтынбалық» бөбекжай - бақшасының тәрбиеші маманы Ақмарал Бисешова тәрбиеленуші Бекарысты даярлап, жыр бәйгесіне қосады. Жүйріктер арасынан жүлдемен оралған қаршадай балаға алғаш боп анасы Абай өлеңдерін жаттатқан екен. Абайтанудағы алғашқы әліппесін «Ғылым таппай мақтанбадан» бастаған бес жасар Бекарыс алда талай жыр мүшәйраларында топ жарарына сенеміз. 


А.САТАЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT