Ақжайық ауылында жаңа жұмыс орындары ашылады

Ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы жылдық есебі Ақжайық ауылында жалғасын тапты.

Ақжайықтың әкімі Ақтұрлан Ерманов өткен жылдың қорытындысын баяндап, алда тұрған міндеттерді жария етті. Ауыл әкімі алдымен былтырғы есеп беру жиынында айтылған 7 ауыл Айсары каналының күрделі жөндеу жұмысының орындалысына тоқталды.

c3414c64-a673-44ea-938d-aa84a369417e

Ұзындығы 83 шақырымды құрайтын каналдың оның 30 шақырымдай бөлігі Ақжайық ауылдық округіне тиесілі. Күрделі жөндеуге 868 574 764,84 мың теңге қаралып, толықтай игерілген. Қазіргі уақытта канал қолданысқа беріліп, ел игілігіне қызмет етіп жатыр. Әкімнің баяндауынша 2022 жылдың 1 қаңтарына округтегі мал басы ірі қара мал-2191, қой- ешкі – 5533, жылқы-444, түйе-336 басты құраған. Округ аумағында 15 шаруа қожалығы тіркелсе, соның 13-і жұмыс жасауда. Жыл ішінде жеке тұрғындармен қатар, шаруа қожалықтары 547 гектарға егін өнімдерін еккен, оның ішінде, картоп-94 га, көкөніс-242 га, бақша-115 га, мал азықтық дақылдары -96 га. Егілген жерден барлығы картоптан-13725 цн, көкөністен-87160 цн, бақшадан-29070 цн егін өнімдері жиналған. - Округте қолға алынған ірі инвестициялық жобаның бірі ол «Жұмағалиева Н.М» шаруа қожалығының 4 га жылыжай құрылысы. Бұл жоба 2019 жылы сәуір айында басталған. Жоба құны 1 млрд 441 млн теңге, жылдық қуаты 300 тонна.

7cdc91e4-ac40-4fc4-966c-24937b87de39

Алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоспарланған мерзімде бітпей қалды. Шамамен осы жылдың наурыз айына аяқтау жоспарлануда. Осы жоба іске қосылса бірнеше жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық мәселесін азайтуға септігін тигізеді. 2021 жылдың барлық бюджеті 63 217 700 тг, оның ішінде республикалық бюджет 1 742 000 тг, облыстық бюджет 11 842 000 тг, аудандық бюджет 8 449 500 тг. Барлық қаржы толықтай игерілді. Салықтық түсімдер бойынша мүлік салығынан 75 800 тг, жер салығынан 59 400 тг, көлік салығынан 2 092 200 тг, ғимараттарды жалға беру бойынша 127 600 тг, барлығы 2 321 500 тг бюджетке қаражат түсті- деді А.Ерманов.

e725a54e-b198-432d-8c93-5e4c25cf2d9c

Бүгінгі күннің басты тақырыбы вакцина салдыру бойынша округке берілген жоспар (485 адам) 102 пайызға (494) орындалған. Қазіргі таңда ревакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 70 адам ревакцинациядан өткен. Ал, файзер вакцинасын 7 адам алды, бірінші, екінші вакцина аламыз деушілерге округтегі емханадан Веросел, Казвак вакциналары салынуда.

Ауыл әкімінің есеп беру жиынын қорытындылаған аудан әкімі Р.Жанқылыш ауылдан салынатын ірі кәсіпорындар ең алдымен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуі қажеттігін, жиында айтылған ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмайтын, билік халықтан ешқашан бөлінбейтінін айтты. Есеп беру жиынынан кейін аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT