Ақпарат өкілдері марапатталды

Өткен жұмада жарғақ құлағы жастыққа тимей, үнемі ізденіс үстінде жүретін журналисттер мерекесі аталып өтті.

«Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалы облыс журналистерінің басын қосып, марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Айтулы шара шымылдығы ҚР Журналистер Одағының жаңа мүшелеріне төсбелгі табыстау сәтімен ашылып, бір топ ақпарат өкілдеріне ҚР Журналистер Одағының Құрмет грамотасы мен АОФ «Алғыс хатын» табыстауға ұласты.

Газетіміздің бас редакторының орынбасары Баян Сүйеуова төсбелгіге ие болса, тілші Балнұр Сапарова «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жиын соңында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика мамандығының 65 жасар студенті Тұрғали Сатқанбаевтың «Жоғалған жұлдыз» атты өлеңдер жинағының тұсауы кесілді.

Б.Мәлікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521