Махамбет жастары «JASTAR OTANǴA» лагерінде

Маусымның 22-28 аралығында облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Индер аудандық әкімдігі және «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Индер ауданындағы Елтай ауылында орналасқан «Жас өркен» балалар лагерінде «JASTAR OTANǴA» облыс жастарының лагері осымен 2-ші рет өткізілген-ді.

Оған әртүрлі саладан 100-ге жуық жас жиналды. Олар тек демалып қана қоймай, күні бойына семинар-тренингтерге қатысты. Семинарлар физикалық, интеллектуалдық және командалық топтық жұмыстарға бағытталған.

Махамбет ауданынының бір топ белсенді жастары да бұл ауқымды шарадан шет қалмады. Лагерь қатысушыларына облыс әкімі Н.Ноғаевпен кездесу бақыты бұйырды. Жастармен кездесуде аймақ басшысы жастардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушыларға қасиетті Дендер өлкесімен жақын танысуына мүмкіндік туды.

s

k

k

k

Алдымен жастар Индербордан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымдағы жерде орналасқан халық батыры, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы жерленген мазарға бас сұғып, тағзым етті. Одан кейін «табиғаттың ерекше сыйы» Тұздыкөлде болды. Жергілікті тұрғындар бұл көлдің суы мен қара балшығының өзі тек буын емес, демікпе, бронхит сияқты көптеген сырқаттарға бірден-бір ем деп есептейді. Осындай тамаша аймақты туристік орталыққа айналдырса өте керемет болар еді деген тілектерін білдірді.

a

s

Ұйымдастырушылар тарапынан лагерьге қатысушы топтарға арнайы 200 000 теңге көлемінде қаржылық грант тағайындаған болатын. Осы аталған грантты жеңіп алған махамбеттік жастар «Кітап оқы!» жобасын жүзеге асыратын болды. Жобаны жүзеге асыру бойынша аудандық Жастар ресурстық орталығы жауапты болып отыр. «JASTAR OTANǴA» лагерінің соңғы күні қатысушалар бір-біріне тілектерін айтып, қимастық сезіммен қоштасты.

Қазбек Айтқалиев,

«Жас Отан» ЖҚ мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT