Мерекеміз мерейтойға ұласты

Биылғы журналистердің кәсіби мерекесі «Дендер» газетінің 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Мерекеде мерейтойын атап өткен басылымды құттықтап «Жайық Шұғыласы» газетінің ұжымы да көршілес ауданға қонақ болып барып қайтты. Облыстық ішкі саясат бақсармасының қолдауымен, «Алаш мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі директорының міндетін атқарушы Қ.Абуов бастаған басшылық, екі облыстық, жеті аудандық газет, «Қазақстан – Атырау», «Каспиан Ньюс» телеарналарының ұжымы, сайт журналистері мен блогерлер және де Индер топырағынан шыққан белгілі ақын-жазушылар, ардагер журналистер де қатысты.

8

8

Салтанатты шараның құрметті қонағы болған облыс әкімі Н.Ноғаев еліміздегі 4-билік өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шараның шымылдығын ашты. БАҚ-тың бүгінгі қоғамдағы орасан зор орнын, соның ішінде ғасырға жуық тарихы бар «Дендер» газетінің тамыры терең басылым екендігін айтқан облыс әкімі өз сөзін Шарль Де Голль, Наполеон Бонапарт сынды әлем классиктерінің журналистика жөніндегі озық пікірлерін мысалға келтіріп, тұшымды оймен аяқтады.

Мереке марапатсыз болмайтыны белгілі. Осы орайда қаламы қарымды бірқатар журналистке облыс әкімі «Алғыс хатын» табыстап , жыл сайынғы дәстүрлі Т.Амандосов жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Біздің де әріптестеріміздің еңбегі еленіп, «Жайық шұғыласы» газеті бас редакторының орынбасары, жауапты хатшы Б.Сүйеуова Атырау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Өтешовтың, газетіміздің бет құрушы дизайнері Г.Қисина облыстық мәслихат хатшысы Ө.Зинулиннің «Алғыс хатымен» және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT