Көлікті басқару кезінде құқық бұзушылық әрекет жасаған.
Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен азаматша М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, М. 2020 жылғы 8 тамызда көлік құралын басқару кезінде, көлік құралын басқарып келе жатып, алдында келе жатқан автокөлікті басып озып, үздіксіз қос ақ жолақты кесіп өтіп, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытына шыққан.
Ал, «WhatsApp» арқылы байланысқа шыққан М. өз түсініктемесінде, 2020 жылғы 8 тамызда көлік құралын басқару кезінде, авариялық белгісін жағып қарсы келе жатқан және артта келе жатқан көліктерді ескертіп, алдында кетіп бара жатқан автокөлікке сол жақ шамын жағып алға шыққанын, автокөлікті басқару кезінде үздіксіз қос ақ жолақты байқамағанын, Махамбет аудандық полиция бөліміне шақыртып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырғанын, онымен келіспейтінін айтып көрсеткен. Сот қаулысымен М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 (алты) ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз