38 градусқа дейін: Күн қайта ысиды

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік антициклонның сілемі, республиканың батыс жартысына әсер етеді, солайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі шуақты ауа райы орын алады.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Солайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр болжанады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел болуы мүмкін. 

Ауа температурасы күндіз батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С болады. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521