Махамбетте тағы бір адам суға батып кетті

Атырауда Жайық өзенінен ер адамның мәйіті табылды.

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

"8 тамыз күні сағат 17.42-ден бастап Махамбет ауданы Талдыкөл ауылынан 5 шақырым жерде, Жайық өзенінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол сағат 16.00-ге шамасында суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Сағат 18.35-те сүңгуірлер денені тауып, судан шығарды. Полиция қызметкерлеріне тапсырылды" делінген хабарламада.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT