23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Махамбет аудандық полиция бөліміндегі бір күн

2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді. Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады. Тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесіне орай ауданымыздағы қоғам тыныштығын күзетушілердің жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алдық.

p

Аудандық полиция бөлімі азаматтарды қабылдауға арналған су жаңа фронт-офиспен қамтылғаны белгілі. Бұл жерде келушілерге бағыт-бағдар беріп, көмек көрсету үшін арнайы бөлме қарастырылған. Фронт-офистен шығып, қос қабатты бөлімге ендік. Бұл жердің тыныс-тіршілігімен полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Бақтыбек Сембаев таныстырды. Бірінші кезекші бөлімге бас сұқтық. 102 телефонына тынымсыз соғылған қоңырауларға жауап беріп,халықпен тығыз байланыс жасайтын 9 қызметкер ауысыммен жұмысын тыңғылықты атқаруда.

p

Бөлімнің ақпараттық аналитикалық тобының аға инспекторы, штаб аға инспекторларымен қатар кадр саясаты тобының инспекторлары барлығы бірінші қабатта, яғни жұртшылықпен байланыс жасауға ыңғайлы жерде орналасқан.

p

Жоғарғы қабатында басшылармен бірге тергеушілер жайғасқан.

p

«Полиция бөлімінде 103 қызметкер, алты тірек-пункт бар. Ол жерлерде көш-қон тобы, учаскелік полицейлер мен жол-патрульдік полицейлер, пробация қызметкерлері отырады. Полицейлерге Үкімет тарапынан қолдау да жоқ емес. Өткен жылы Махамбет, Жалғансай, Ақтоғай ауылдарында тұрғын-үйі біріктіріліп салынған учаскелік полиция пункті пайдалануға беріліп, учаскелік инспекторлар 4 су жаңа қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген еді.

p

Осы жылы азаматтарды қабылдауға арналған фронт-офис ашылды»,-дейді полиция аға лейтенанты Бақтыбек Ермекқалиұлы.

p

Келесі кезекте полиция бөліміне қарасты тірек-пункттің ғимаратында орналасқан қару айналымын бақылау тобы, көші-қон тобы, пробация бөлімшесінің жұмыстарымен таныстық.

p

Аңшылық қаруға рұқсаттама беру, тіркеуге алу бойынша қызмет атқаратын азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобының аға инспекторы Ренат Карткужаковтың айтуынша, бүгінгі таңда ауданымызда тіркеліп, бақылауда тұрған 303 аңшылық қару бар болса, оның бесеуі - газ тапаншасы екен. Аңшылық қаруды алуға рұқсат алу, мерзімін ұзарту жеке және заңды тұлғаларға «Е-лицензирование» (http://elicense.kz) порталы арқылы жүзеге асатын көрінеді.

p

- Порталға тіркелгеннен кейін біздер ол кісіге қаруды пайдалануға рұқсаты бар-жоғын тексеріп, 15 күннің ішінде жауабын береміз. Қару 18 жастан асқан, бұрын сотталмаған азаматтарға 5 жыл мерзімге беріледі. Қаруды үйде ұстау үшін де арнайы ереже бар. Қару иесі оны өзінің жатын бөлмесінде, қалыңдығы 3 мм-ден жоғары болатын, оңайлықпен орын ауыстыруға келмейтін сейфте сақтауы керек. Сейфтың ішінде қарудан өзге артық заттар (ақша, құнды құжаттар,т.б) болмауы қажет.Біздер өз тарапымыздан тоқсанына бір рет қару иелерін тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Тіркелмеген қарулар немесе басқа да заңсыздықтар анықталған жағдайда әкімшілік шара қолданылып, айыппұл салынады,- дейді полиция майоры Ренат Қобланұлы.

polisia18062020-8

Махамбет аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Ербол Дүйсенбаевтың айтуына қарағанда, өткен жылы 2000-ға жуық шетелдік азамат уақытша тіркеу бойынша жүгінген болса, биыл елдегі ахуалға байланысты екі есеге азайған.

polisia18062020-5

- Карантин жарияланбастан бұрын ауданымызға жұмысқа келген шетел азаматтарын құжаттандыруды шілде айының 10-ына дейін жүргізетін боламыз. Олар бүгінгі күні жұмыс жасауға рұқсат қағаздарын алуда. Басым бөлігі Өзбекстан мемлекетінен және бірен-саран Ресей, Қырғызстан елдерінен келген азаматтар. Жеке тұлғалар жұмысшыларды үш айға ғана тіркеп, 16 668 теңге көлеміндегі салығын төлейді. Кейін мерзімін тағы үш айға создыруға мүмкіндігі бар. Бірақ жұмысшы азамат жылына бір рет шекарадан шығып, еліне барып келуі қажет болады. Жұмысшысын алып келген жеке тұлға иесі үш күннің ішінде көші-қон қызметіне келіп, тіркетуі керек.

p

Ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлеріне әкімдік тарапынан арнайы квота қарастырылған. Олар бір адамға 65 мың теңге төлеп, жұмысшыларды бір жылға тіркейді. Бізге рұқсаттамасын әкеліп береді, біз соны ҰҚК мен көші-қон басқармасының базасына тіркеп қоямыз. Мұндай жағдайда шекарадан өткен шетел азаматына ешқандай қиындық туындамайды,- дейді полиция капитаны Ербол Өркенұлы.

polisia23062020-14

Полиция бөлімінің музейі де осы тірек-пунт ғимаратында. Бұл жерде тәртіп сақшылардың жеткен жетістіктері, өткен күндердің естеліктері және қызмет бабында қаза тапқандарға ерлік бұрышы орнатылған.

 

polisia23062020-6

Ерлік бұрышы өткен жылы көпірден секірген қызды құтқармақ болып қайтыс болған полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиев пен 2011 жылдың 12 қарашасы күні Тараз қаласында орын алған лаңкестік әрекеттен мерт болған полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа арналған.

p

Ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда сауысқандай сақ, қырандай қырағылық танытатын полицейлердің жұмысы таңғы сағат тоғыз бен кешкі сағат алтының аралығында шектелмейді. Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әлеуметтік тәртіпті бақылайды. Қауіп-қатердің алдын алады, төнген қауіпті ауыздықтауда басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес.

p

Н.Ә.Назарбаевтың: «Полиция қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған адамдар» деген пікірі әрбір полиция қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT