Ұстаздар заңгермен кездесті

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы мен заңгер Юлия Амангелдіқызы ауданымызда болып, ұстаздармен кездесті.

Кездесу барысында білім саласы қызметкерлерінің көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға жауап берілді. Еңбек демалысын беру мәселесі бойынша түсіндірген Ю.Айбусынова екі адам қатар демалыс сұраған жағдайда қайсысына беретінін ұжым басшысы өзі шешетінін, әрі қарай тараптардың келісімі бойынша екінші адам қалаған уақытында ала алатынын айтты. Бұған қоса 56 күн демалыс тек қана 10 ай толық жұмыс жасаған қызметкерге берілетінін түсіндірді.

k

Мысалы, жұмысқа қаңтар айында шыққан адамға тек 28 күн демалыс беріледі, ал қалған күнін келесі қаңтарға дейін ала алады. Оқу аптасы оқушылар үшін 5 күндік болғанымен, ұстаздар үшін жұмыс 6 күн болып есептеледі. Өзінің негізгі жұмысынан тыс уақытта қосымша қызмет атқарып жүрген қызметкерге бір жылдан кем емес еңбек шарты жасақталатыны және бір жылдық еңбекақысы мен сауықтыру ақысы да толықтай төленетіні айтылды.

Бұл жерде ескеретін жайт,қосымша қызмет атқарушы еңбек демалысын өзінің негізгі жұмысында қай мезгілде алады, екінші жұмысында да сол уақытта алуы керек. Кездесуде сонымен қатар мектеп кітапханашысы мен медбикелерінің жалақысына қатысты да сұрақтар қойылды. Бұл қызметкерлердің жалақасына 25 пайыз өсімнің қосылмау себебі, медбикелер денсаулық сақтау басқармасына, ал кітапханашылар мәдениет басқармасына бағынышты болып саналады.

Ұстаздар мен тәрбиешілер өзге де сауалдарына жауап алып, осындай кездесуді ұйымдастырушыларға және білгенімен бөліскен заңгер Юлия Амангелдіқызына алғыстарын жеткізді.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT