1572 сайлаушы тіркелген

Бүгін ел бойынша жалпыхалықтық рефрендум басталды. Бұл Ата заңға өзгерістер енгізуге қатысты соңғы 27 жылда өтіп отырған екіші референдум.

Жалпы саяcи шараға орай аудан көлемінде 18 референдум учаскесі құрылды. Соның ішінде Д.Төленов мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан 217 референдум учаскесі жергілікті уақыт 07.00-де өз жұмысын бастады.

c2b9a36f-c109-4556-9c30-7983f5ca3ad7

Аталмыш учаске бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 18-ге толған 1572 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде ең үлкен сайлаушы 85 жаста, 18 жастағылар саны -8. Сонымен қатар, тіркелген дауыс берушілер ішінде 44 мүмкіндігі шектеулі және қариялардың үйлеріне учаскенің комиссия мүшелері баратын болады.

Учаскеге алғашқы боп келіп өз таңдауын жасаған Ибатолла Даулетов пен Руслан Тәжіғұлға учаскелік референдум комиссиясының төрағасы сыйлық ұсынды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT