Айдамир алғашқы сайлаушы

Бүгін еліміз үшін ең маңызды күн.  Ел тарихында екінші рет Республикалық референдум өткелі отыр.219 сайлау учаскесі таңғы сағат 07.00-де өз жұмысын бастады. Әнұранмен ашылған  салтанатты сәтте референдум учаскесінің төрағасы Г.Неталиева сайлаушыларды бүгінгі ерекше күнмен құттықтап, сәттілік тіледі.

-Бұл референдумның өзгешелігі Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер халықтың тікелей атсалысуымен жүзеге асырылады-деді ол.

Жәшікке алғашқы болып бюллетень салып, өз дауысын берген 19 жасар Айдамир Батанов, референдум өтіп жатқан Е.Агелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің түлегі екен.

9f13bb5f-3a83-4a9f-a997-57332400fa60

- Референдумға келместен бұрын оның мақсатымен таныстым. Елімізде орын алғалы отырған өзгерістерге, ендігі жерде халықтың тікелей араласатыны ұнады. Сондықтан да алғашқы болып келіп өз дауысымды бердім. Менің дауысымның маңыздылығына сенімдімін -дейді алғашқы сайлаушы.

Референдум учаскесінің төрағасы  Г.Неталиева алғашқы сайлаушыға Қазақ елінің дамуына үлес қосатын білімді де жан-жақты жастар екенін айтып сыйлыққа кітап ұсынды.

Сағат 07.30-ға дейін 219 референдум учаскесіне 7 адам келіп дауыс берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз