Жалпыхалықтық референдум: махамбеттіктер белсенділік танытуда

Ата Заң реформаланып, ондағы 33 бапқа түзету ен­гізілетін маңызды оқиғаға махамбеттіктер белсенді түрде қатысуда. Махамбет аудандық балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде орналасқан №216 референдум учаскесінде 1423 қатысушы тіркелген.

Үміт пен күдік аралас бұл кезеңде аталған учаскеге өз таңдауын жасауға келгендер қатарында банк бөлімшесінің бастығы, өрт сөндіру қызметінің мамандары, ауылдың зиялы қауымдары болды.

41cca7d2-f3f2-4538-8ad2-d77ed1dde587

- Конституцияға әртүрлі өзгеріс мен толықтырулар жасалып жатыр. Осы уақытқа дейін олардың барлығымен жіті таныстым. Бүгінгі күні референдумға келіп, өз даусымызды беріп жатырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай,- дейді Махамбет ауданының Құрметті азаматы Ж.Сұлтанов.

Айта кетейік, ел тарихында екінші рет өтіп отырған Конс­ти­­­туцияға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу бойын­ша жал­пыхалықтық референдум кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз