«Түркістан» газетіне берген сұхбатында Президент еліміздің ішкі-сыртқы саясатына, қоғамдық дамудың өзекті мәселеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар мемлекет дамуының алдағы басым бағыттары, жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен нәтижесі, қоғам алдындағы маңызды міндеттер жан-жақты қамтылды. Бұл сұхбат Жолдаудың жүгін көтеріп тұр.
Қ.Тоқаев өткен жылдың жетістіктері туралы айтып, болашаққа жоспар қойып, сонымен бірге сынға да жауап берді. Сұрақ-жауап форматы Мемлекет басшысының тұлғасын біршама кеңірек тануға мүмкіндік берді. Жан-жағынан алып қарағанда Қ.Тоқаев президенттікті барынша ауыр жұмыс ретінде қабылдап, бұл міндетті өзінің мемлекеттік көзқарасы мен елдің негізгі мәселелерін, экономикасына, менталитетін және басқару жүйесін терең түсінуі арқылы табысты атқарып келеді.
Президент өз атына айтылған сынды кәсіби емес әрі біліксіз деп есептейді. Ол халық пен бизнес элита жоғары мұраттарға сай болуы үшін олардың менталитеті мен әдеп нормаларын түбегейлі жаңартуға ниетті. Қ.Тоқаев реформатор көшбасшының қоғам тарапынан түсінбеушілік пен қабылдамау сынды бағытына қарсы тұрудағы аса маңызды рөлін атап өтті.
Жалпы Президент сұхбатының едәуір бөілігін салық реформасының және «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының маңызына арналды.
Мемлекет басшысы пайымдауынша жаңа Салық кодексі бірінші кезекте қазіргі заман қоғамдық келісімшарт саналады. Онда салықтар ауыртпалық ретінде қабылданбауы тиіс. Екіншіден, бұл тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу құралы. Бұл ретте логистика, ауылшаруашылығы, туризм, цифрландыру, атом энергетикасы және Президент жоғары бағалайтын жасанды интеллектті дамыту туралы болып отыр. Тарифтік саясат туралы айтсақ онда Тоқаев энергетикалық және коммуналдық секторлардың инвестициялық тартымдылығын жақсартудың түбегейлі маңыздылығы туралы өз пікірін қолдайды.
-«Жалпы төмен тарифтерден, арзан энергиядан, жанар-жағармайдан халық емес, олигархтар, ірі бизнес пен делдалдар пайда көреді. Сонымен қатар «еліміз лажсыздан көрші елдерге арзан жанар-жағармайдың көлеңкелі жеткізушісіне айналып, олардың экономикаларын қолдап отыр». Сондықтан тарифтер көтерілуі дұрыс, адал экономикаға қарай азапты қадам»дейді белгілі саясаттанушы Д.Әшімбаев.
Президент қаңтар оқиғасына да тоқталған екен. «Төңкеріс» жасауға әбден машықтанған мамандар жетекшілігімен тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар үкіметтің жанар-жағармай бағасын өсіру туралы шешімін желеу еткеніне, адамдарды жаппай шеруге итермелегеніне назар аудартқанын айтқан.
Мемлекет басшысы сыртқы саясат мәселелеріне көп көңіл бөлмегенімен, елдің қорғаныс қабілетіне қатысты мәселеге уақыт арнады. Тоқаев армияға бағытталған сынға қарсы қатаң пікір білдіріп, «танымалдыққа ұмтылған блогерлер әскердегі шынайы ахуалға жанаспайтын сөз таратып жүргенін еске салды.
Президент Путин мен Назарбаев әңгімелесуінде не айтылғаны оны қызықтырмайтынын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, билік транзиті туралы айтуға әлі ерте . Бірақ осы жыл «тағдыршешті» болады. Сөз осы жылдың соңына қарай өтуі ықтимал конституциялық реформа жөніндегі референдум жайында болып отыр. Көшбасшы рөлі мен жауапкершілігі туралы сөз бастаған Қ.Тоқаев оны шынайы патриотизм туралы сауалмен аяқтады. Ол «отаншыл болу-туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету» дегенін білеміз. Сұхбаттың халық үшін маңызы зор деп есептеймін.
Мәдениет Құлманов,
Мемлекеттік сала ардагері


