Сұхбатта ауқымды мәселе қаралды

Президент сұхбатында  көтерілген тақырыптар мен мәселелер өте ауқымды.   Оның  мән-маңызы мен мазмұнын Жолдаумен салыстыруға болады. Жұртшылық ертеңге елеңдеп, болашаққа бір үмітпен қарайды.

Мемлекет басшысы сұраққа жауап ретінде айтқан салмақты ойлары осы үмітті жандандырды. Сонымен қатар гуманитарлық, әлеуметтік –экономикалық даму саласындағы зерттеулер маңызы ерекше.   Прогрессивті реформалар жолымен жүріп жатқан  қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтап, елдің әл-ауқатын арттыру үшін процестер мен институттарды берік ғылыми білімге, объективті және жүйелі бағалауға бағыттау міндетті шарттардың бірі болып табылады.

Мемлекет басшысы сұхбатында дәл осы институционалды, ұтымды, салмақты және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған тәсілді алға тартты.   Бұл барлық қиындықтарға қарамастан еліміздің өркендеуіне деген үмітті оятты. 


Равиль Темірланов,

Махамбет аудандық отбасын қолдау орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT