Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты – елдің өткен жолын таразылап, болашақ бағытын айқындайтын маңызды саяси әрі тағылымды әңгіме деп білемін. Тәуелсіздіктің 35 жылында Қазақстан талай сынақтан өтіп, өз мемлекеттілігін нығайта алды. Бұл – халқымыздың бірлігі мен табандылығының айқын көрінісі.
Әкелер кеңесі ретінде біз Мемлекет басшысының ел болашағына қатысты айтқан ұстанымдарын толық қолдаймыз. Қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің негізі – отбасындағы тәрбие. Әке институты жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ел мүддесіне адал болуға тәрбиелеуде шешуші рөл атқарады деп есептеймін.
Ел тағдыры шешілетін осындай жауапты кезеңде әрбір азамат, әрбір әке ұрпақ болашағы үшін өз жауапкершілігін терең сезінуі тиіс. Бірлігіміз бекем болса, Мемлекет басшысы айқындап берген стратегиялық мақсаттарымыз да толық жүзеге асады деп сенемін.
Төре Пангерей,
Махамбет аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы


