Цифрлық даму – білім сапасын арттырудың кепілі

Мемлекет басшысының сұхбатында көтерілген цифрлық трансформация мәселесі білім беру саласы үшін де аса өзекті. Мемлекеттің цифрлық форматқа көшуі басқару үдерістерін оңтайландырып қана қоймай, білім сапасын арттыруға, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге жол ашады.

Білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу – уақыт талабы. Бұл оқыту әдістерін жаңғыртып, оқушы мен мұғалімнің мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар цифрландыру шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Инновация мен технологияға негізделген бұл бағыт еліміздің болашағын айқындайды. Білім саласында жүзеге асырылып жатқан жүйелі өзгерістер бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам деп білеміз.

Венера Қабышева,
Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT