Цифрландыру мен жасанды интеллект – ел дамуының жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу атты Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Бұл жолдауда Президент жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрландыру саласында бәсекеге қабілетті елге айналуына нақты басымдық берді. Жолдауда жасанды интеллектті енгізу тек технологиялық жаңару емес, экономиканың тиімділігін арттырудың, мемлекеттік басқаруды жетілдірудің және халықтың өмір сапасын жақсартудың басты құралы екені атап өтілді. Президент цифрлық трансформация арқылы бюрократияны азайту, ашықтықтықамтамасыз ету және шешім қабылдау сапасын арттыру қажеттігін нақты көрсетті. Бұл – қоғам сұранысына сай, уақыт талабынан туындаған маңызды қадам.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға ерекше назар аударды. Жасанды интеллект дәуірінде білікті мамандар даярлау, жастарды инновацияға бейімдеу – елболашағының кепілі екені Жолдауда көрініс тапты. Білім беру жүйесін цифрлық экономика талаптарына бейімдеу арқылы Қазақстан жаңа технологиялардытұтынушы ғана емес, оны өндіруші мемлекетке айнала алады.

Жолдауда көтерілген тағы бір өзекті мәселе – цифрлық қауіпсіздік пен этика. Жасанды интеллектті қолдану барысында деректер қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау басты назарда болуы тиіс екені орынды айтылды. Бұл – технологиялық даму мен адам мүддесінің тепе-теңдігін сақтауға бағытталған ұстаным.

Қорыта айтқанда, бұл Жолдау Қазақстанның болашақ даму жолын айқындап, цифрлық жаңғыру арқылы елді жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді. Президент ұсынған бастамалар уақытылы әрі стратегиялық тұрғыдан маңызды деп бағалауға толық негіз бар.

                                                                                                   Ш.Төлегенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT