ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар ая­сында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыда қорқып, құқық қорғау органда­рына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.

 Егер сіз тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл ту­ралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін «102» жүйесіне, «111» отбасылар мен әйелдер және ба­лалар мәселесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік бірыңғай сенім телефонына немесе Махамбет ауданы ПБ-нің тұрмыстық зорлық- зомбылық жасалғаны туралы арыз­бен полицияның учаскелік ин­спекторына шұғыл түрде қоңырау шалыңыз.

 

Махамбет ауданы Полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT