Басым бағыттарды айқындады

«Түркістан» газетіне берген сұхбатында Президент өткен жылы атқарған жұмыстарды саралап қана қоймай, оған өз тарапынан баға берді. Сонымен қатар алдағы уақытта елдің одан әрі дамуының басым бағыттарын айқындап берді.

Мемлекет басшысы экономикалық реформаларға, Қазақстанның халықаралық позициясын нығайтуға назар аударды.

Атап көрсететін жайт, бұл жолы Қ.Тоқаев  өз сұхбатында  елді толғандырып отырған өзекті мәселелер мен сауалдарға ашық әрі анық жауап берді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі маңызды тақырыпқа айналды.

Президент өз сөзінде елдің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясаты халықаралық қауымдастықтар тарапынан ерекше абыройға  ие  екенін жасырмады.  Әлемдегі геосаяси дағдарыстарға қарамастан Қазақстан халықаралық аренада  өзінің беделін нығайтып қана қоймай, осы бағыттажұмысты одан әрі жалғастыра беретін болды.  Сонымен қатар елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға да ерекше назар аударды. Олардың басты мақсаты-мемлекеттік басқаруды жақсарту, ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.  

Қорыта айтқанда Президенттің берген сұхбаты еліміздің ішкі-сыртқы саясатының негізгі бағыттары, дамудың  басымдықтары Қазақстанның келешектегі ұстанымынан  нақты түсінік беретін маңызды және мазмұнды материал.  Басты стратегиялық мақсат-үкімет пен қоғам арасындағы трақты даму мен сенімді қамтамасыз етуге қабілетті заманауи, технологиялық тұрғыдан, халыққа бағдарланған мемлекет құру екенін көрсетеді.

С.Шотпақов,

Мемлекеттік қызмет ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT