Мемлекет басшысының бұл сұхбаттағы ой-тұжырымдары еліміздің алдағы даму бағыты нақты айқындалғанын көрсетеді. Тәуелсіздіктің 35 жылдық белесі – өткенге әділ баға беріп, болашаққа нық қадам жасайтын маңызды кезең. Президент атап өткендей, Қазақстан қысқа тарихи мерзімде күрделі жолдан өтіп, халықаралық деңгейде беделді, тұрақты мемлекетке айналды.
Алдағы уақытта, әсіресе 2026 жылдан бастап қабылданатын тағдырлы шешімдер елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталмақ. Әлеуметтік-экономикалық дамуды күшейту, халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін жетілдіру – аналар қауымының да үмітін оятып отырған маңызды басымдықтар.
Аналар кеңесі Мемлекет басшысының ұлттық мүддені, тұрақты даму мен қоғамдық келісімді бірінші орынға қоятын саясатын толық қолдайды. Себебі берік отбасы, саналы ұрпақ пен мейірімді қоғам – ел болашағының басты кепілі. Бұл бағыттағы бастамалар Қазақстанның ертеңіне нық негіз қалайды деп сенемін.
Тойған Сариева,
Махамбет аудандық Аналар кеңесінің төрайымы


