Мәдениет – ел бірлігінің рухани негізі

Мемлекет басшысының “Turkistan” газетіне берген сұхбатында елдің ұзақ мерзімді даму бағыты айқын көрініс тапты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ой-тұжырымдары мәдениет пен руханият саласының қоғамдағы рөлін айқындап, ұлттық құндылықтарды сақтау мен мәдени мұраны дәріптеуге басымдық береді.

Мәдениет – халықтың рухани тірегі. Осы тұрғыда шығармашылық ұжымдарды қолдау, жас өнерпаздарға жол ашу және мәдени ошақтардың жұмысын жандандыру – уақыт талабы. Мемлекет басшысы көтерген бастамалар өнер арқылы қоғамды біріктіруге бағытталған.

“Өнерпаз” мәдениет үйі алдағы уақытта да ел бірлігін нығайтуға, ұлттық өнерді насихаттауға және қоғамның рухани дамуына өз үлесін қоса береді.

Е.Идрисов,
“Өнерпаз” мәдениет үйінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT