Жастайынан спортты серік еткендер

2019 жылдың 20-21 желтоқсан күндері Махамбет ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебі, Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің базаларында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен волейболдан 2003-2004 жылдары туылған қыздар арасында аудандық жарысы өтті.

Жарысқа сегіз команда қатысып, қорытындысында жүлделі I орынды Ақтоғай, II орынды Қосарал орта мектебі алса, ал жүлделі III орынды Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебі жеңіп алды. Үздік номинациялар бойынша «Үздік қорғаушы» деп Қайырова Тамирис (Есбол о/м) танылса, Гүлназ Нұролла(Қосарал о/м) «Үздік байланыстырушы» атанды.

2

«Үздік шабуылшы» номинациясына Шайдоллаева Айда (Ақтоғай о/м) ілікті. «Үздік ойыншы» деп Аққали Айтөре (Қ.Ахмедияров о/м) танылса, «Үздік төреші» Аменов Дәурен(Қосарал о/м) атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2

Барлық жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, медаль, дипломдарымен марапатталды.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT