Жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 2007-2008, 2009-2010 және 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өтті.
Аудандық білім бөлімі мен балалар-жасөсіпірімдер спорт мектебі ұжымдарының ұйымдастыруымен өткен аудандық жарыста Д.Төленов мектеп-гимназиясы, Е.Ағелеуов пен О.Шонаев мектептерінен барлығы отыздан аса оқушы бақ сынады.
Сайыс қорытындысымен 2007-2008 жылы туған ұлдар және қыздар арасында Д.Төленов мектеп-гимназиясының оқушылары Жансая Бауыржан мен Еркежан Әлиханқызы, 2009-2010 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Ерболат Бауыржанұлы (Д.Төленов) мен Айсана Максимова (Е.Ағелеуов), 2011-2012 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Е.Ағелеуов орта мектебінің оқушылары Мансұр Төлеуіш пен Наргиз Сәндіғалилар жүлделі І орынды иеленді. Бұдан бөлек жүлделі ІІ және ІІІ орын иегері атанған жеңімпаздар да «Алғыс хатпен» марапатталды.
Айта кетейік, оқушылардың тоғызқұмалақтан жаттықтырушылары Жұмабек Ожаев пен Гүлжан Маженова.
Б.Сапарова