Жарыс жеңімпазы атанды

Бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Атырау облысының чемпионаты өтті.

2020 жылдың 6-9 қаңтар күндері аралығында Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Атырау бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Атырау облысының чемпионаты өтті.

b

Жарыс қонағы Кеңес одағы боксшысы, І дәрежелі жеңіл салмақта өнер көрсеткен, 1984 жылдан 1991 жылға дейін КСРО ұлттық құрамасының мүшесі, 1985 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 1986 жылғы «Ізгі ниет» ойындарының күміс жүлдегері, «Достық-84» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері, 48 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі КСРО әуесқой жарыстарының екі дүркін чемпионы (1984-1990ж.ж) КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, AIBA халықаралық дәрежедегі төрешісі Абдрахманов Каримжан Балтабаевичке Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан шапан жауып, ерекше құрмет көрсетілді.

b

Аталмыш жарыста Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тəрбиеленушілері жүлделі орындарды иемденді.

boks90120

Атап айтсақ, жүлделі 1 орынды Жеңісбаев Айтуар (Қ.Қарашаұлы о/м), жүлделі II орынды Ибатолла Айбек , Русланов Исламбек (Е.Ағелеуов о/м) қанжығасына байлады.

Жаттықтырушылары: Торбаев Қалмұрат, Қапуанов Жəнібек, Қайрош Мерлан.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521