Республикалық жарыстың жеңімпазы атанды

Жамбылдан жүлделі оралды.

Тараз қаласында Жамбыл облысы және Талас ауданының Құрметті азаматы Кеңесхан Сәбденұлы Ахаевқа арналған10-12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнирі өтті. Оған 2007, 2008, 2009, 2010 жылғы туған жасөспірімдер қатысты.

f

2007-2008 жылы туылғандар арасында барлығы 12 команда болды. Топтық ойында Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының командаларын ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

fytbol1001203

Жүлделі І орынды Махамбет аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің командасы еншіледі. Жүлделі 2 орынға Тараз командасының олимпиадалық резервін даярлайтын спорт мектебі іліксе, 3 орын Қаратау қаласының командасына бұйырды. Ал 2009-2010 жылғы туылғандар арасында өткен ойынға 7 команда қатысып, ол айналма түрінде өтті.

Бұл ойында Қаратаудан 2 команда қатысып, бақ сынады. Қызылордадан «Қазалы», «Тереңөзек» командалары Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан келген командалармен ойнап, тек «Қазалы» командасымен тепе-тең түсті.

Осы командалардың бәрін жеңіп, махамбеттік жерлестеріміз жарыстың жеңімпазы атанып үлгерді.

f

Сонымен жүлделі І орынға Махамбет аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қол жеткізді. Жүлделі ІІ орынды Қызылорданың «Тереңөзек» командасы қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынды оңтүстік облыстың Таукент командасы иемденді.

f

f

Жарыстың «үздік ойыншылары» деп Арман Қамашев, Рысқали Амантай танылды.

Жеңімпаздардың жаттықтырушылары Асқар Алдешов, Әділет Идрисов, Шыңғыс Мұқанғалиев.

Жеңіс құтты болсын, жас футболшылар!

Кенжегүл САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT