Жәмила Бақбергенова күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының капитаны Жәмила Бақбергенова өз мансабында үшінші рет Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалағы жекпе-жекте бас жүлде үшін отандасымыз жапондық балуан Сумире Ниикурумен белдесіп, 5:1 есебімен оны жеңіп кетті. Осылайша Жәмила Азияның үш дүркін чемпионы атанды.

Бұған дейін ол Үндістанда (2020) және Моңғолияда (2022) Азия чемпионатының басты жеңімпазы атанған. Сондай-ақ ол әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.

Осылайша, Жәмила Бақбергенова әйелдер құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Бір күн бұрын Эльмира Сыздықова жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілген еді. 76 келіге дейінгі салмақта оған шақ келетін балуан болмады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT