Атыраулық Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Астанада еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтуде. Турнирге елімізбен қатар Қытай, Жапония, Үндістан, Моңғолия, Иран, Оңтүстік Корея және тағы да басқа 22 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысуда.

Еркін күрестен 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Болат Сақаев өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты 7:4 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ол финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті. Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған тəжірибелі палуан болатын. Бұл Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі Қазақстанның 5-ші алтын жүлдесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT