Турнирге 200-ге жуық дзюдошы қатынасты

Махамбет ауданында қарашаның 14-15 күндері дзюдодан облыстық турнир өтті.

2005-2006,2007-2008 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен жарыс Қазақстан Республикасының "Құрметті спорт қайраткері", «Махамбет ауданының Құрметті азаматы», самбо күресінен спорт шебері Жылқайдар Сұлтановтың жүлдесіне арналды. Облыстық турнирге 200-ге жуық дзюдошы қатынасты.

Нәтижесінде Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тəрбиеленушілері 1 алтын, 1 күміс, 9 қола медальға ие болды.

2007-2008 жылы туғандар арасынан І орынға Əділбаев Азамат +42 кг,ІІІ орын Балтабай Бауыржан, ІІІ орын Ұлықпан Ерасыл 35 кг салмақтағы, 2005-2006 жылғы қыздар арасынан ІІ орын Елеуова Аяулым 44 кг, ІІІ орын Елеуова Альбина 48 кг салмақтағы ие болса,ұлдардан ІІІ орын Тарғын Марлен 38 кг, ІІІ орын Нəсіпқали Ерасыл 46 кг иеленді. Және ІІІ орын Қаршыға Дастан 55 кг, ІІІ орын Құбай Бексұлтан 55 кг,ІІІ орын Ғибрат Арсен 73 кг, ІІІ орын Кульгин Давид 73 кг салмақтағы жеңіп алды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, медаль, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT