Сарайшық командасы жеңімпаз атанды

Жастар жылы аясында 10 қарашада Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің ұйымдастыруымен ауыл жастарын салауатты өмір сүру салтын ұстану мақсатында волейболдан ашық турнир өткізілді.

Турнирге 5 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Олар 1989 жылғы «Құрдастар», «Сарайшық», 1995 жылғы туылған «Жастар», 1997 жылғы «Жас қыран», Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің командалары ойын өрнектерін көрсетті.

Олар талай уақыт өтсе де әлі волейбол ойынының хас шеберлері екендерін дәлелдеді. Турнирдің соңғы ойындары тартысқа толы болды. Әсіресе, «Сарайшық» командасы мен Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі командасы арасындағы ойын тартысқа толы болғанын айта кеткен дұрыс.

Нәтижесінде турнир жеңімпазы деп «Сарайшық» командасы танылды. Жүлделі екінші орынды 1995 жылғы «Жастар» командасы иеленіп, ал үшінші орынды 1989 жылғы «Құрдастар» командасы жеңіп алды. Жоғары деңгейде өткізілген бұл турнирде ерекше ойын техникасын көрсеткен Нурмуханов Нурбатыр, Хамидуллин Хадим, Қабиев Мейрамбек үздік деп танылды.

b

Турнирде жүлделі орын алған командалар мен үздік ойыншылар кубок, медальдармен марапатталды.

Ғ.Жексенбева,

мектеп директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521