ТШО демеушілігімен шахматтан әуесқойлар арасында турнир өтті

Тәуелсіздік күніне орай, Құлсарыдағы №6 мектеп ғимаратында ашық шахматтан әуесқойлар арасындағы 10-шы турнир өтті.

Аталған турнир «Теңізшевройл» ЖШС-нің ұйымдастыруымен ауданда алғаш рет өткізіліп отыр. Ұшқыр ой мен ақылды талап ететін дүбірлі додаға 100-ге жуық қатысушы тіркеліп, жақсы ойын-өрнегін көрсете білді. Сондай-ақ, турнирге 10 жастан асқан жасөспірімдермен қатар, ересектер және ардагер спортшылар да қатысып, бақ сынады.

Турнирдің ашылу салтанатында «Теңізшевройл» ЖШС-нің құқықтық қамту бөлімінің бас менеджері Әсет Құрманбаев:

-Отыз жылдан астам уақыттан бері Тәуелсіздік мерекесін тойлап келеміз. Бүгінгі шахмат турнирінің «Теңізшевройл» кәсіпорнының «Игілік» бағдарламасы шеңберінде салынған жаңа мектеп қабырғасында өтуі біздің мерекелік көңіл күйімізді айшықай түскендей.

714e59ab-4b4a-414c-8ddf-1d0595222a55

Бүгінгі турнирге 100-ге жуық қатысушы тіркелсе, соның 70 пайызы жасөспірімдер болып отыр. Бұл біздің ел Тәуелсіздігінің беріктігі жастарға байланысты деген ойымызды айшықтай түседі. Біз бүгінгі жас қатысушылардың болашақта республикалық деңгейде топ жаратынына сенеміз. Баршаңызға сәттілік тілейміз. Шахматтан спорт шебері, Азия чемпионы, турнирдің бас төрешісі Жәнібек Аманов өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тілеп, ойын ережесін түсіндіріп өтті. Аталған турнир 7 кезеңнен тұрды. Шахматта қарсыласына құрметпен қарап, өз эмоцияларын тежей алуы және абыроймен жеңілу маңызды. Жас талғамайтын интелектуалды спорттың бұл түрі тартысты өтті. Турнирге қатысқан 10 мен 80 жас аралығындағы қатысушылар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Сайыс соңында қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров құттықтады.

-Тәуелсіздік күніне орай, «Теңізшевройл» кәсіпорны демеушілігімен өткен игі шара өз мәресіне жетті. Турнирге қатысушылар жақсы әсер алды деген ойдамын. Алдағы уақытта да жақсы іс жалғасын табады деген ойдамын, - деді.

«Теңізшевройл» кәсіпорнының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің супервайзері Ерлан Қасым турнирдің тартысты өткенін айтып, қатысушыларға алғысын білдірді.

w

Турнир қорытындысында «Абсолют» номинациясы бойынша жүлделі III орынды Тоқтар Келдібаев пен Мейрамбай Көптлеуов, II орынды Қалыбай Қуанышев және Мақсотқали Ибраев иеленді. Ал, I орынды Әлібай Лауедин жеңіп алды. Жеңіске жеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Сондай-ақ, өзге номинация иелері мен қатысушылар да бағалы сыйлықтар тапсырылды. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521