«Ер жүректілер» спорт клубының спортшылары – ойлылар ойынының оғыландары

Жуырда Атырау қаласында көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында «Мүгедектер күні» және Тәуелсіздік күніне орай шахмат, тоғызқұмалақ және дойбыдан облыстық турнир өтті.

Жарысқа бес ауданнан 30-ға жуық спортшы қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Аталған жарысқа қатысқан «Ер жүректілер» спорт клубының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған әйелдер арасында шахматтан Әсемгүл Габдуллина екінші, тоғызқұмалақтан Айна Жайсанбаева бірінші орынды жеңіп алды. Көру қабілеті төмен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан Нәсіп Адайбаева үшінші, ерлер арасында Мұхамедмәди Ерланұлы бірінші орынға ие болды.

img-20221128-wa0051

Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында Мырзабек Наурызбекұлы күміспен күптелді. Ал көру қабілеті төмен спортшылар арасында дойбыдан Ілияс Аманжолұлы жеңіс тұғырының үшінші, Жанерке Меңдіғали екінші сатысынан көрінді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT