Тоғызқұмалақтан ашық онлайн турнир өтті.
Абайдың 175 жылдығына орай қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан 2005-06, 2007-08, 2009-10, 2011-12 жылы туған балалар мен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында қалалық жекелей ашық онлайн турнирі болып өтті.
Аталған жарыста Махамбет ауданынан 2005-06 жылы туған ұлдар арасында I орынды Қ.Ахмедияров орта мектебінің оқушысы Диас Жексембай жеңіп алды.
Ал 2007-08 жылғы қыздар арасында Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінің оқушысы Шұғыла Самат, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Жансая Бауыржан, 2009-10 жылы туған қыздар арасында Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Армангул Қуангерей ІІІ орынды иеленді.Спортшылар кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.
Жаттықтырушылары: Е.Алтыбаев, Г.Маженова, Ж.Ожаев.
«Жайық-Ақпарат»