Тәжбентай турнирі

Осымен сегізінші рет жалауын көтерген Махамбет ауданының Құрметті азаматы, қарымды қаламгер, ардагер журналист Сайлаубай Тәжбентайды еске алуға арналған облыстық волейбол турнирінің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиева, аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов, марқұмның ұлы Садуақас Тәжбентай сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл сайыстың ережесі бойынша командаға тек жастары қырықтан асқандар іріктеледі. Жылыой, Индер, Құрманғазы командаларымен бірге жергілікті екі команда турнирде бақ сынайтын болады. Ал жасы алпыстан асқандардан құралған махамбеттік тағы бір команданы мемлекеттік қызмет ардагері С.Шотпақов бастап шықты.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысымен волейболдан І орынды Жылыой ауданы жеңіп,50 000 ақшалай сыйлық, ІІ орынды Құрманғазы ауданы 30000,ал ІІІ орынды Махамбет ауданы командалары 20000 ақшалай сыйлыққа ие болды.

b

b

b

Сонымен қатар төрт «Үздік ойыншылар» атап айтқанда, Ж.Құдайбергенов (Жылыой) ауданы,Н.Смайлов (Индер) ауданы,(Құрманғазыдан) М.Қайырлиев,(махамбеттік) Сиджанов Карим ақшалай сыйлықтарға ие болды.Жеңіске жеткен жүлдегерлерге ауыспалы кубок пен медальдарды дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырса, ал қаржылай сыйлықты марқұмның отбасы атынан табысталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521