Аудандар құрамасы ІІІ орынға ие болды

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткізілетін жыл сайынғы дәстүрлі мерекелік апталық басталды.

Кәсіби мереке қарсаңында 23 маусым күні облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен спорттық ойындардың тұсауы кесілді. Оған облыс бойынша телеарна, газет-журнал, сайт тағы басқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. «Бірінші байлық-денсаулық» демекші, салауатты өмір салтын сақтау және қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистік салада еңбек етіп жүрген мамандарды насихаттап, көтермелеу мақсатында ұйымдастырылған сайыста тілшілер спорттың екі түрінен өзара бақ сынасты.

Футбол мен волейболдан жеті команда мықтыны анықтау үшін сынға түсті. Журналистер арасындағы бұл дода тартысты өтті. Әр аудан тілшілерінен құралған «Аудандар құрама командасы» тартысты ойын нәтижесінде волейболдан ІІІ орын алып, нәтижелі ойын өрнегімен жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтар болсақ, «Жайық шұғыласы» газеті бас редакторының орынбасары Баян Сүйеуова мен осы газеттен тәжірибеден өтуші Құндыз Меңдіғалиева құрама қатарында болып, үздік ойын көрсетті. Сонымен қатар, команда футзалдан белсенді қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Құндыз Меңдіғалиева,

Х.Досмұхамедов

атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің

ІІІ курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521