Жақында ағымдағы жылдың 2-4 сәуір күндері аралығында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында футзалдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында "Аманат-2021" кубогі ұйымдастырылды.
Футболшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Шыңғыс Мұханғалиев.
Аталған шараға JF ACADEMY (Жаңаөзен), Форт-Шевченко,Маңғыстау Арена, ФК Ақтау, Галатасарай (Ақтау), Ақжайық (Ақтау) Шетпе"БЖСМ", Қарақия "БЖСМ", Мақат "БЖСМ"(Атырау) және Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балғын футболшыларымен аталған мектепке қарасты, Бейбарыс ауылындағы бөлімшеде жаттығатын футболшылардан құралған құрама команда қатынасты.
-Жарысқа қатынасқан 10 команда, 2 топқа бөлініп, ойын өрнегін көрсетті.Топтық ойындарда Ақжайық (Ақтау) командасынан ұтылып, Қарақия"БЖСМ",ФК Ақтау, Галатасарай (Ақтау) командаларынан басым түскен мектебіміздің командасы, жартылай финалдық ойында Шетпе"БЖСМ" командасынан 5:4 есебімен ұтылып, ал ІІІ орын үшін финалда Ақжайық (Ақтау) командасын 4:5 есебімен ұтып, ауданымызға кубокпен қоса қола медалді тарту етті.
Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы орта мектебінің оқушысы Талғат Ғаламат "Үздік қақпашысы" атағына ие болды.
Айта кетерлігі, жарысқа барып-келуге қол ұшын созып қолдап, демеушілік көрсеткен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз, - дейді балалар жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Асқар Бақтығалиұлы.
К.САПАР