Қазақстандық боксшы Дамир Тойбай Дебрецендегі (Венгрия) халықаралық Иштван Бочкаи мемориалдық турнирін айқын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Тойбайдың 1/16 финалдағы алғашқы қарсыласы 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жергілікті боксшы – мажарстандық Ласло Фелфолди болды. Бірінші раундта-ақ Дамир қарсыласын нокдаунға жіберді, үзілістен кейін соққыларын жалғастырды: екінші нокдауннан кейін Фелфолди бұрышы рингке сүлгі тастап, рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Бұған дейін старттық жекпе-жекте өз салмақ дәрежесінде Айдос Арапов (52 кг) пен Ермахан Жакпеков (75 кг) жеңіске жеткен болатын.