Ауған соғысы ардагерлеріне арналды

Жылма-жыл ақпан айында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды.

Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен ақпан айының басында Қосарал орта мектебінде ауыл жастарының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай волейболдан ерлер арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды.

a

Жарысты тамашалауға Ауған соғысы ардагерлері Қадірбек Шаймарданов, Өтеміс Тұржанов, Аманжан Изтілеуов, Оразбай Даутбаев ағаларымыз келіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс алдында Ауған соғысында қаза болған жерлестерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Жарысқа барлығы 8 команда қатысты.

Тартысты жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі I орынды «Алға» құрама командасы жеңіп алды. Жүлделі ІI орынды "Талдыкөл" құрама командасы иемденсе, ІІІ орынды "Ақтоғай" құрама командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар атынан диплом, кубок және медальдармен марапатталды. Үздік ойыншылар Сағынғали Төлеген, Рафхат Жансерік, Ғизат Қожебаев, үздік төреші Сағидолла Ғарифолла дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT