Облыс чемпионы атанды

Атырау қаласында 30-31 тамыз күндері кіші аяқдоптан 2008-2009 жылғы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Оған Атырау-1, Атырау-2, Олимпик-1, Олимпик-2, Мақат, Құлсары және Махамбет ауданынан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, осы спорт мектебіне қарасты Бейбарыс бөлімшесінің командасы қатысып, бақ сынасты.

Топтық ойындардан оқ бойы озық шыққан Махамбет балалар жасөспірімдер спорт мектебі және Бейбарыс бөлімшесінің командалары жартылай финалда Атырау-1, Мақат командаларынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Финалдық бәсекеге шыққан екі махамбеттік команданың арасындағы ойында Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы Бейбарыс бөлімшесінің командасын жеңіп, облыс чемпионы атанды. Жүлделі 2 орынды Бейбарыс командасы алса, 3 орын Мақат ауданының құрамасына бұйырды. Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Е.Жолдыбай турнирдің «үздік футболшысы» атағын иеленді.

Балалардың осы турнирге барып, қатысып келуіне моральдық-материалдық қолдау көрсеткен ата-аналар болса, жарысқа дайындаған Ә.Идрисов, Ш.Мұханғалиев сынды тәжірибелі жаттықтырушылар.

А.Алдешов

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT