Дзюдодан паралимпиада ашылу салтанаты өтті

6 қыркүйекте облыс орталығындағы "Атырау" спорт кешенінде дзюдодан паралимпиада чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараны Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясының төрағасы, Халықаралық зағиптар ассоцациясының Азия және Мұхит елдері спорттық комиссары сөз сөйледі.

- Бүгінгі додаға түскелі отырған спортшыларға айрықша ризашылығымды білдіремін. Болмысындағы ерекшеліктеріне қарамастан, халықаралық деңгейде еліміздің намысын қорғауда. Осындай күш-қуат, жігерлеріңіздің әрі қарай да шыңдалуын, "жетістікке жетемін" деген ниеттеріңіздің орындалуын тілеймін,- деді Атырау облысының әкімі Н.Н.Асқарұлы спортшыларға ізгі ниетін білдіре отырып.

m

m

Айта кетейік, байрақты бәсекеде Австралия, Қытай, Индонезия, Үндістан, Иран, Жапония, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Тайланд, Өзбекстан және елімізден 150 спортшы бақ сынасатын болады.

Өңірлік коммуникация қызметі

Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT