Марат Әменов атындағы турнир мәресіне жетті

Білім беру  саласының үздігі, ауыл спортының жанашыры Әменов Марат Қалабайұлын еске алуға арналған 2006-2007 жылғы жасөспірім қыздар арасындағы волейболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті. Биылбесінші жыл қатарынан өткізілген спорттық сайысқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан барлығы 17 команда қатысып, жүлдегерлер анықталды.

 Әменов Марат Қалабайұлы 1962 жылы 12 желтоқсанда Индер ауданының Жарсуат ауылында дүниеге келген.  Ата-анасы қызмет бабымен Қызылқоға ауданының Қызыл ту совхозы орталығына көшкен соң  сол жерден Е.Шүкіров атындағы орта мектепті 1978 жылы бітіріп, Гурьев педогогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түскен. 1982 алғашқы еңбек жолын Ортақшыл ауылындағы Қосарал орта мектебінде тарих пәнінен мұғалім болып бастаған. Сонымен қатар, мектеп жанындағы интернат мекемесінде де тәрбиешілік қызметтер атқарды. Оның көптеген шәкірттері аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары атанған. Әуесқой спортшы ретінде ауыл жастары мен мектеп оқушыларын спортқа баулу арқылы жас ұрпақтың бойына  достық пен татулықты, жауапкершілікті, тәртіпті сіңірі білген.

Ұстаздың құрметіне арналған жарыстың ашылу салтанатына  аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асылжан Саматұлы, Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абат Қабенов және туыстары атынан білім саласының ардагері, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Самат Нұреденұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирде бақ сынаған 16 команданың өзара тартысты ойыны 6 күнге созылды. 4 топтың ішінен   финалға Атырау (eagles ), Атырау (Junior), Махамбет (KOSARAL), Актобе (Алихан) командалары өтті. Қортынды ойында шеберлік көрсетіп, ұпай санымен Ақтөбелік «Алихан» командасы бас жүлдені ұтып алды.  Екінші орын Дәурен Әменов жетекшілік ететін Махамбеттік «Қосарал» командасына  бұйырды. 3 орынға «Джуниор» Атырау командасы жайғасты. Турнирдің «Үздік қорғаушысы» атағы К.Дәулетоваға, А.Айдосқызына, «Үздік шабуылшы» номинациясы  София Левцоваға, А.Бакироваға, «Үздік байл» Н.Ғалымжанова мен Т.Маратоваға және «Үздік ойыншы» атағы Д.Жантуған мен А. Кенжебайға табысталды.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT