Махамбеттік волейболшылар - республикалық турнирдің чемпионы

Ақмола облысына қарасты, Бурабай ауданының орталығы – Щучинск қаласында өткен Burabay CUP ашық республикалық турнирінде Махамбет ауданының волейболшылары жүлдегер атанды.

2008-2009 және 2006-2007 жылы туған қыздар командасы чемпион атанса, 2006-2007 жылғы ұлдар командасы қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ұлдар командасы үшінші орын үшін болған кездесуде Ақтөбе облысы командасын 2:0 есебімен жеңді. Қыздар да дәл осындай есеппен финалдық кездесуде Ақтөбе, Астана командаларынан басым түсті.

"KOSARAL Атырау" командасының ойынышылары Меруерт Мутиғолла, Айнұр Мұратова мен Нұрбақыт Жайлыбай "Үздік ойыншы" аталымымен марапатталды. 

Тренер Дәурен Әменов пен аудан намысын абыроймен қорғаған волейболшыларды құттықтаймыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз