Махамбеттік тоғызқұмалақшылар ІІІ орынды жеңіп алды

Атырау қаласында 12-14 наурыз аралығында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан Атырау облысының командалық кубогі өтті.

Жарыста Атырау қаласының 4 командасы және Индер, Қызылқоға, Жылыой, Махамбет ауданы құрамалары өзара бақ сынады.

9

Қорытындысында Атырау қаласының қос командасы І және ІІ орындарды өзара бөліссе, Махамбет ауданы құрама командасы ІІІ орынды жеңіп алды. Команда сапында Жексенбай Диас, Айтқалиев Қазбек, Әміржан Мөлдір, Мәженова Гүлжан, Бауыржан Жансая және Ержан Аяна өнер көрсетті.

9

Ал Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Есенжан Аидина І орынға ие болған Атырау облысы құрама командасында ойнады.

9

Өз тақтасында жеңімпаз атанған спортшылар республикалық чемпионатқа жолдама алды.⠀

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT