Қазақтың ұлттық мейрамы әз-Наурыз қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарынан облыстық турнир ұйымдастырылған-ды.
Шараның өтуіне мұрындық болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Бұл турнирде мемлекеттік қызметшілер мен спорт шеберлерінен жиналған 30-ға жуық қатысушы өзара бақ сынады.
Қорытындысында жеңімпаздар анықталды.
Өз тілшіміз