Махамбеттік қос дзюдошы республикалық турнирдің қола жүлдегері атанды

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында дзюдодан 2007-2009, 2010-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында "АБАЙ ДӘУЛЕТ" жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.

Турнирге еліміздің барлық өңірінен командалар қатысты. Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де бұл жарысқа қатысты.

73 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз, О.Шонаев атындағы орта мектептің 9-шы сынып оқушысы Бекет Қуандық қола жүлдені қанжығасына байлады. Ол 3 кездесу өткізіп, 2-еуінде жеңіске жетті. Осылайша Бекет "Спорт шеберіне үміткер" спорттық атағын орындады.

ca416d98-7d1f-49de-b595-199bca912f56

Сонымен қатар Ақтау қаласында халық батырлары "ИСА-ДОСАН" жүлдесіне арналған Халықаралық турнир өтті. Турнирге еліміздің барлық облыстарынан барлығы 1000-нан астам дзюдошы қатысты. Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Бекзат Мұстағалиев 38 келі салмақ дәрежесінде белдесіп,  ІІІ орынға ие болды.

Дзюдошыларды жарысқа дайындаған: Асет Кабенов.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT