Махамбет ауданының футболшылары республикалық турнирде жеңімпаз атанды⠀

Ақтау қаласында футзалдан 2009-2010, 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында "NS CLUB-2022" республикалық турнирі ұйымдастырылды.

Аталған турнирге "Манғыстау Арена" (Ақтау), "NS CLUB" (Ақтау), "Мұнайшы" (Жаңаөзен), "Ақшұқыр" (Маңғыстау), "Қарақия" БЖСМ және Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысты.

Айналмалы өткен жарыста Махамбет ауданының намысын қорғаған команда барлық қарсыластарынан басым түсіп, "NS CLUB-2022" Республикалық турнирінің чемпиондары деген атаққа қол жеткізді.

Жарыстың "Үздік ойыншысы" болып Дарын Мейрамұлы атанса, "Үздік қақпашы" болып Алмас Қайырғали танылды. Спортшылардың жаттықтырушылары: А.Идрисов, А.Алдешов.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT