Махамбеттік каратэшілер жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды

Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден «Жас Батыр» ашық чемпионаты өтті. Жарысқа Махамбет ауданынан 20 спортшы қатысып, 11-і жүлдегерлер қатарынан табылды.

Атап айтқанда, Ілтипат Асхатқызы чемпион атанса, Захида Сағынбай, Сезім Жұмажан, Айназ Рахметолла, Бексұлтан Ринатұлы, Марк Ли күміс жүлдеге ие болды. Қола медальға Санжар Жиеналиев, Аида Жасұланқызы, Айзере Ержігіт, Айкен Құбай және Арияна Салімгерей қол жеткізді.

Сондай-ақ, №4 БЖСМ-нің ашық чемпионатына Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының 60-қа жуық каратэшісі қатысып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Жеңіс тұғырынан Ғазиз Бағытқали, Амир Лұқпан, Санжар Жиеналиев, Марк Ли, Мариям Бақтиярова, Медина Мағфур, Ілтипат Асхатқызы, Захида Сағынбай, Ғайша Ғибратқызы, Нұрайым Лұқпанова және Амина Ғалымжанова көрінді.

Айша Қонысқали, Ертарғын Сұлташ, Жанель Нұрлыбай, Зере Гумарова, Медина Сағынбай және Мархабат Ахмедиярқызы екінші орын иеленді. Қоланы қанағат тұтқандар қатарынан Айзере Ержігіт, Сезім Жұмажан, Ақжарқын Төлеген, Айназ Рахметолла, Ақбота Мұрат және Мариям Тілегенова табылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT