Ауылдық жердегі балалар және жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінің арасында өткен футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында махамбеттік аяқ доп шеберлері жеңімпаз атанды.
Жамбыл облысы Қаратау қаласында өткен біріншілікке Қостанай, Түркістан облысы командалары, жамбылдық "Қаратау БЖСМ 32", "Созақ", "Талас", "Байзақ" және Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысты.
Облыс намысын қорғаған Махамбет ауданы командасы өз тобынан озық шығып, жартылай финалда Түркістан командасынан басым түсті. Ақтық бәсекеде Созақ ауданының командасын ірі есеппен жеңген жерлестеріміз Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары деген атаққа қол жеткізді.
Финалдық ойында қарсыластар қақапасын бес мәрте дәл көздеген Дарын Мейрамұлы "Үздік ойыншы" аталымымен марапатталды. Футболшыларды дайындаған жаттықтырушылар: Асқар Алдешов және Адилет Идрисов.
Қ.БАҒЫТ