Махамбет ауданының мемлекеттік қызметшілері жалпы есепте V орын алды

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыста мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойындардан Спартакиада өтті.

Аталған шараға 24 команда, 600-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысып, спорттың 8 түрінен бақ сынады. Шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, жүзу, бильярд және садақ ату ойындарында Махамбет ауданының командасы толық құрамда өнер көрсетті. 

Десе де, жүлделі орынға Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері ғана қол жеткізді. Ауылдық округ әкімінің орынбасары Нұғман Пернебеков қазақ күресінен 90 келі салмақта және еркін жүзу бағдарламасында қола жүлдені жеңіп алды. Аталған округ әкімі аппаратының бас маманы Бекбол Қыдыров 90 келіден аса салмақ дәрежесінде белдесіп, үшінші орынға ие болды. Осылайша, аудан құрамасы қазақ күресінен жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға табан тіреді. 


Ал тоғызқұмалақ пен жүзуден спорт додасына қатысқан Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жамила Дюшимова намысты қолдан бермеуге тырысқанымен, қарсыластарынан айласын асыра алмады. Барлық спорт түрлерінің нәтижесін қоса алғанда Махамбет ауданы командасы жалпы есепте V орынға жайғасты.

 
А.ҚАЗБЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT