Каратэші қыздар топ жарды

Қазан айының соңында Атырау облысы Тасқала спорт мектебінде каратэ до шинкекушинкайдан батыс аймақтық чемпионаты өтті.

Оған Ақтөбе,Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан 400-ге жуық каратэшілер қатысып, өз бақтарын сынады.

Аталған чемпионатта аудан намысын қорғаған 6 оқушы арасынан Медина Муса алтын, Шұғыла Самат мен Аружан Нұржайыққызы күміс медальдарға ие болды.

aishyak1

Қазіргі таңда олар бапкері Айгерім Айшуақовамен үлкен додаға дайындық үстінде. 12-14 қараша күндері Атырау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын болады.

Каратэші қыздарымызға сәттілік серік болғай деп тілейміз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT